Қызылорда қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен алимент төлемей жүрген 2 борышкер
екі тәулікке қамаққа алынды. Олардың берешегі 9 млн. теңгені құраған.
Қазіргі күні облыс бойынша 12 596 тұрғын алимент төлейді. Оның 251-і әйел. Борышкерлердің арасында алименттен жалтарып жүргендері де бар. Жыл басынан бері мемлекеттік сот орындаушыларымен бала алдындағы міндетін өтемей жүрген 19 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, қалыптасқан берешекті азайту мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, нәтижесінде 107 борышкер жұмысқа орналастырылды.
ЖАНДОС АБСАТ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жеке сот орындаушыларының ұсынулары негізінде мемлекеттік сот орындаушылармен және прокуратура органдарымен 2024 жылы алимент төлеуден жалтарып жүрген 379 борышкерге ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданған. Нәтижесінде барлық борышкер жауапкершілікке тартылған. Алимент төлеу міндетті, әкелік, аналық парызы баланың алдындағы. Бізде өндірісімізде борышкер әйел кісілерде бар. Оларға да барлық шаралар қабылданып, алименттер өндіру жұмыстары жүргізілуде.