#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #футбол #спорт #қармақшы

Биыл Қармақшы ауданында шағын футбол алаңы салынады.

Мамандардың айтуынша, ауданда тұрғындардың 40 пайыздан астамы бұқаралық спортқа бет бұрыпты. Жалпы соңғы екі жылда аудан орталығы мен Үшінші интернационал, Дүр Оңғар ауылдарынан 3 спорт кешені жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Ал, Ақай ауылында салынып жатқан спорт кешені жуырда ашылады. Бұған дейін бұл ауылдың жастары ескі әлеуметтік нысандардың бір бөлмесінде шыныққан. Соның өзінде халықаралық турнирлер мен ел біріншіліктерінде бірнеше мәрте топ жарды.

 ҒАЛЫМ ЕРЖАНОВ – СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /Бұрын енді осы ауылымызда мәдениет үйі, клуб болған. Сол жерде бір бөлмеде ғана жаттығып, дәл мынадай жағдай болмаған. Қазіргі таңда заманға сай спорт кешендері салынып жатыр. Өте жақсы, керемет балаларға, оқушыларға, инвентарьларымен, заттармен келіп отыр. 50-ге жуық спортшы күнделікті жаттығып жатыр/