#qyzylordatv

Облыс бойынша алғашқы жартыжылдықта жол көлік оқиғалары салдарынан 5 бала қаза тауып, 243-і түрлі дене жарақатын алған.

Қайғылы оқиғаның бірі Жалағаш ауданында тіркелген. Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан Жалағаш аудандық прокуратурасы жолда жүру ережелеріне көңіл бөліп жатыр.

 Балалардың жол үстінде қайғылы оқиғаларға ұшырауының негізгі себебі-жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтамау. Аудандық прокуратура жүргізген мониторинг нәтижесі осындай.

ӘДІЛЖАН ОРАЗҒАЛИ - АУДАН ПРОКУРОРЫ // Кәмелетке толмағандардың мен мүдделерін қорғау – прокурорлық қадағалаудың басты бағыттарының бірі. Осы орайда аудандық прокуратура мен оқушыларға қатысты қауіпсіздік ережелерін оқытып үйрету бағытында жолданған ұсыныс қолдау тауып, жаңа оқу жылында білім беру бағдарламасынан бөлек, жол қауіпсіздігі атты қосымша сабағы аптасына 1 мәрте бекіту туралы бұйрығы шықты.

 Аудан прокурорының айтуынша, қосымша сабақтар оқу процесіне кедергі келтірмейді. Өйткені бұл тақырып сынып сағаттарында қозғалады. Осындай сабақтың бірі Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейінде болды.

 САҒАДАТ ӘБШЕКЕН - ӨКП ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ // Оқушылардың жол ережесі туралы білімін арттыру мақсатында, жолда жүру сабағы өткізу жөнінде білім бөлігінен бекітілді. Мақсаты- жасөспірімдермене орындалатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады. Алдағы уақытта бұл сабағымыз өз нәтижесін беретініне үлкен сеніміміз мол.

 Жол қауіпсіздігіне арналған дәрістер арқылы балалардың санасында жол ережесі туралы түсінік қалыптасуда.

 ҒАЙНИКАМАЛ ҚАЛДЫБАЙ – ОҚУШЫ Осы жаңа оқу жылының басы біз үшін ерекше басталды, себебі біздің аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бізге арнайы сабақ өтті. Сабақ барысында ағайлар бізге күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, өзімізді қалай қорғау керектігін түсіндірді. Сабақ бізге қызықты, әрі пайдалы өтті. Осы болашақта осындай шаралар жиі жасалатын болса, онда ол бізге үлкен тәжірибе болмақ.

 ПАРАСАТ СӘНДІБЕК - ОҚУШЫ // Біз бұл сабақта жолда жүру ережелерін, жол қауіпсіздігін үйрендік. Барлық ақпараттар нақты, түсінікті болды. Біз осы ақпараттарды болашақта қолданамыз деп үміттенеміз және осындай сабақтарды жиі болып тұрғанына біз қатты қуаныштымыз , ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.

 Осылайша қосымша сабақтарда оқушылар жол жүру ережелеріне мұқият болуға, жол белгілерінің не үшін қажет екенін, бағдаршамның атқаратын қызметі туралы толық мәлімет алып жатыр.