#qyzylordatv
Ұлттық қорға тоғыз айда 5 триллионнан астам кіріс түскен. Оның жартысы инвестицияның арқасында келген. Яғни қордағы қаржы депозит, акция, облигация секілді құнды қағаздарға салынып, үстінен табыс алынды. Ал кірістің қалған бөлігі – мұнай-газ секторында жұмыс істейтін ірі компаниялардың мемлекетке берген төлемдері мен салық есебінен. Биыл қорға келген кіріспен қатар, шығын да көлемді болды.
Бюджетке 2 трлн теңге, Үкіметтің арнайы бағдарламалары мен стратегиялық жобаларға 1 трлн 83 млрд теңге аударылды. Ал қорды басқаруға 33 млрд теңге жұмсалған. Осылайша, 5 триллионнан асатын кірістен таза табыс ретінде 1 трлн 315 миллиард теңге қалды.