#qyzylordatv

Қызылордалық құтқарушылар қан тапсырды. Жыл сайын облыстық қан орталығының қорын толтыру үшін Төтенше жағдайлар департаментінің барлық бөлім қызметкерлері белсенділік танытады. Өрт сөндіру, жедел және суда құтқару жасағының мамандары бұл жолы «Донор бол – өмір сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты.

 Елімізде Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай “30 игі іс” мерейтойлық жобасы басталған болатын. Осы бастаманы қолдаған қызылордалық құтқарушылар кәсібилігін ғана емес, адамгершілігін де көрсете білді. Өйткені, әр тамшы қан — бір өмір. Сондықтан мұқтаж жандарға үміт сыйлау үшін төтеншеліктер өз еркімен қан тапсырып, игі іске үлес қосты.

АЙДОС ЕРМАҒАМБЕТ- ОБЛЫСТЫҚ ТЖД КАДР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Бүгін "донор бол - өмір сыйла"акциясы өтуде. ҚР ТЖМ 30 жылдығын мерекелеу аясында "30 игі іс"жоспарланған. Бүгін азаматтық қорғау органдарының қызметкері қажет адамдарға қан тапсыруға келді. Біз осындай іс-шараларды үнемі өткіземіз.

 ҒАФУР АҚМЫРЗАЕВ - ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ

Мен 5 жылдан бері донормын. Мен ешқашан өкінбедім және әрқашан көмектесуге дайынмын. Біз әріптестерімізбен бірге әр 2-3 ай сайын қан орталығына келеміз. Адамдарға үміт сыйлау. Барлық тұрғындарды да осы іске қосылуға шақырамын.