#qyzylordatv
Елімізде геология саласына тың серпін берілмек. Жер қойнауын барлау мен игеруге цифрлық технологиялар кеңінен енгізіліп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген нақты тапсырмаларының бірі.
Қазір сала мамандары шетелдің үздік компанияларымен бірлесе жұмыс істеуде. Жаңа технологиялар өндірістің тиімділігін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға келетін зиянды азайтпақ. Бүгінде елімізде кез келген барлау не өндіру жұмыстары басталмас бұрын, олардың қоршаған ортаға әсері жіті зерттеледі. Жоспар экологияны реттейтін арнайы комитеттің келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асады.
ЕРЛАН АҚБАРОВ – ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ //Геологиялық ақпаратты өңдеудің өзіне біз жасанды интелектіні қолданып жатырмыз. Соны толықтай цифрландырып, оны бұрынғы карталардың бәрін векторлық форматқа көшіріп, оны жасанды интелектіге салып, қазір соны қолданып жатырмыз//
https://youtu.be/1W1Yi4QWsAg