#qyzylordatv

5 қыркүйек — Қазақстан халқының тілдері күні. Тіл мерекесінің дәл осы күнге белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осы орайда мерекені атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекіді. Бұл туралы қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов баспасөз брифингінде баяндады.

Апталықтың алғашқы шарасы «Ғылымдағы ғұмырлар» тақырыбында облыстық, республикалық деңгейдегі ғалымдардың дәріс сағаттарынан басталды.

   Тілдер мерекесінде облыстағы білім ұйымдарында эссе сайысы ұйымдастырылады. Ал «Достық үйінде» 5 қыркүйек күні тіл мерекесіне арналған «Тілі бірдің – тілегі бір» атты салтанатты шара болады, «Жастар» ресурстық орталығында «Қазақша QUIZ» интеллектуалды сайысы өткізіледі. 7 қыркүйек күні балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Арбат» бойында аквагрим шарасы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, барлық мекемелер мен ұйымдарда тілдер күніне арналған жиындар өтіп, тіл жанашырларына құрмет көрсетіледі. Аудандарда әдеби-танымдық кештер, жазба ақындар мүшәйрасы болады. Апталық 11 – қыркүйекте қорытындыланбақ.

 РУСЛАН КАЮПОВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

// 10 қыркүйек - «Мемлекеттік тіл – қоғамдық көліктерде» Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалаішілік қоғамдық көліктерде «Тіл тазалығы» акциясы өткізілетін болады. 11 қыркүйек – «Сөз маржанын терсеңіз» Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты жас ақындар мүшәйрасы, Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ана тілің – арың бұл» жаңылтпаш пен мақал айту сайысы өтеді. Барлық ұйымдастырылған шаралар #Тіл мерекесі, #Қазақстан халқының тілдері күні хэштегтерін пайдалана отырып, кең көлемде ақпараттандырылатын болады.