#qyzylordatv
"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені жыл соңында іске қосылады. Сол уақытқа алғашқы ұшырылым жоспарланып отыр. Бұл туралы еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков мәлімдеді. Сондай-ақ бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң қабылданды.
Қазіргі таңда қазақстандық мамандардың қатысуымен зымыран-тасығыш зауыттық сынақтан өткізіліп жатыр. Ресей тарапы "Союз-5" зымыран тасығышын және оның техникалық жабдықтарын дайындауда. «Союз» зымыраны экологиялық тұрғыдан қауіпсіз саналады. Ол керосин мен оттегін отын ретінде пайдаланады және гептилмен ұшатын «Протон-М»-ның орнын баспақ. Алғашқы ұшыру 2025 жылғы желтоқсан айына жоспарланып отыр.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Хаттамада мынадай өзгерістер көзделген. Ұшу сынақтарының басталу мерзімі 2023 жылдан 2025 жылға ауыстырылады. 2028 – 39 жылдар аралығында жылына екі рет емес, үш рет кепілдендірілген ұшу жүргізу жоспарланған. 34.00 Қаржыландыру республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырма аясында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Қазақстан өз міндеттемелерін толық көлемде орындауда. Техникалық және ұшыру кешендері жаңартылуда. Оқу жаттығу құралдары әзірленіп жатыр. Зымыранның құлау аймақтары айқындалған. Жобаның жалпы құны – 90.8 млрд теңге. Оның ішінде 2025 жылға 60.8 млрд теңгесі көзделген. Ресей тарапцы Союз 5 зымырантасығышын және оның техникалық дауындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ал Сенатта мақұлданған құжат жобаны іске асыру мерзімдерін нақтылап, бірқатар салықтық және ұйымдастыру мәселелерін реттеуге бағытталған. Құжаттағы басты өзгерістердің қатарында Ресей тарапынан кепілдендірілген ұшыруды 2028-2039 жылдар кезеңінде жыл сайын 2-ден 3-ке дейін ұлғайту бар. Бұл кешеннің жүктемесін арттырады және жобаның экономикалық тиімділігін жақсартады.
Айта кету керек, «Бәйтерек» жобасы – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Байқоңырда іске асырылып отырған алғашқы толыққанды бірлескен бастама. Ол ғарыш айлағы инфрақұрылымын сақтап, отандық кадрларды даярлауға және коммерциялық ғарыш саласын дамытуға мүмкіндік береді.