#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #жұмыскестесі#жүйе

Қызылордада мемлекеттік қызметшілер икемді жұмыс кестесіне көшкен. Яғни тәулігіне тиісті 8 сағатты өз ыңғайына келтіріп, жеке өмірі мен отбасына уақытын арнай алады.

Жаңа жүйе бойынша кесте жасағандардың бірі – сот орындаушысы Гүлнұр Есентайқызы. Үш баланың анасы түскі үзілісті қысқартып, кешкілік жұмыстан ерте қайтуды дұрыс деп шешкен. Соның арқасында бөбекжайдан баласын уақытылы алып жүр.

 ГҮЛНҰР ЕСЕНТАЙ - ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ - «уақытты үнемдеу мақсатында өтініш білдірдім. Сол өтінішім қанағаттандырылып, қазіргі таңда кәмелетке толмаған 3 жасқа толмаған баламды балабақшадан алу уақытын кешкі уақыттан 17:30-дан бастап үнемдеу уақытын пайдаланып отырмын. Бұл бойынша бізге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде қазір өзіме керек уақытты алып отырмын».

ЖАСҰЛАН ШЫНТАСОВ - ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ - «2023 жылы мамырдың 29-ында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 120-бұйрығымен, қағида бекітілді. Аталған қағидада осы икемді жұмыс кестесінің ережелері белгіленді. Қазіргі таңда бірқатар мемлекеттік органдарда осы жүйе жұмыс жасауда. Оның қатарында өзіміз де бармыз. Осы 120-қағиданы негізге алып және еңбек туралы кодекстің 74-бабын негізгі алып, қазіргі таңда мемлекеттік мекемелерде икемді жұмыс кестесімен жұмыс жасау мүмкіндігі туындауда.

 Жұмыс уақыты әдеттегідей 8 сағат. Тек бұл форматтың артықшылығы - қызметкер өзіне жүктелген 8 сағатты ыңғайына сай етіп қоя алады.

ЖАСҰЛАН ШЫНТАСОВ - ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ - «бұл көбіне көпбалалы отбасылардың балабақшаға, мектепке баратын балаларын реттеу немесе асыраушысы жартылай отбасыларға, үйінде мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап жатқан ата-аналарға осы икемді жұмыс кестесімен жұмыс жасап, жұмыстарында да кемішілік қалдырмай, сапалы жұмыс жасауға мүмкіндік береді».

 Икемді қызметке көшу үшін қызметкерлер «е-қызмет» жүйесі арқылы өтініш береді. Бұл өтініш 10 күн ішінде қаралады. Басшы мен қызметкер арасында келісім шарт орнағаннан кейін, кадр қызметі бақылап отырады. Айта кетейік, қазір аймақта 60 мемлекеттік қызметкер икемді кестемен жұмыс істеуге көшті.