#qyzylordatv

Жаңақорған ауданында әлеуметтік және өндірістік бағытта бірнеше ірі жоба жүзеге асуда. Қарқынды құрылыс пен нақты істердің барысын тілшіміз көріп қайтты.

 НАЗИРА АЛМАС – ТІЛШІ

Бұл – Жаңақорған кентіндегі ұзындығы 1200метр болатын стратегиялық маңызы бар көпір. Қазірдің өзінде аудан орталығындағы көлік қозғалысы біршама жеңілдеді. Ең бастысы – бұл өткел 22 мыңнан астам тұрғынға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізіне еш кедергісіз тікелей шығуға мүмкіндік беріп отыр.

 Бұрын теміржолдың екі жағында ұзын-сонар кептеліске түсетін көліктер, қазір көпір арқылы еркін қатынап жатыр. Айналма жолмен сабылған жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер де енді діттеген жеріне жылдам жетуде.

 ӘМІРБЕК СҰЛТАНБАЕВ – АУДАН ТҰРҒЫНЫ

//Темір жолдың үстімен өтетін көпір екі жақты байланыстырып, әдемі көпір болып салынды. Үлкен жүк көліктері аудан орталығына кірмейтіндей дәрежеге жеттік.

НАЗИРА АЛМАС – ТІЛШІ

Жаңақорғандағы өндірістік аймақтың тынысы кеңейіп келеді. Қазір мен тұрған аумақта – болашақта өңірдің жол құрылысына қажетті асфальт өнімдері дайындалады. Жобаның жалпы сомасы 700 миллион теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарының 100 пайызы бүгінде аяқталған, іске қосылар сәт жақын.

Жоба бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіліп мемлекеттік қолдау ретінде 6 гектар жер телімі берілген. Жоба іске қосылған кезде 10 жаңа жұмыс орны ашылады. Асфальт зауыты іске қосылғанан кейін дайын өнімді алыс-жақын аймақтарға сату жоспарланып отыр.

МАРЛЕН НҰРТАЗАЕВ – АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Тамызға дейін іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 100 пайыз құрылыс жұмыстары бітті. Құжаттарын реттеп, қазір енді шикізат күтіп отырмыз. Іске қосылады. Зауыттың қуаттылығы сағатына 160 тонна. Облысымыздағы ірі асфальт зауыттарының бірі болып саналады. Минералды парашок шығармыз деп отырмыз. Оның заттарының бәрі келіп тұр. Өйткені ол асфальқа өте керекті зат. Өндірістен дайын өнімге дейін шығарылады.

 Газдандыру бойынша да үлкен серпіліс бар. Жаңақорған автоматтандырылған газ тарату станциясының қуатын екі есеге дейін арттыру жобасы осы айдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. Нысан іске қосылған соң 8 елді мекенге табиғи газ жеткізіледі.

 КӨБЕЙСІН ЖҰБАЕВ – ИНЖЕНЕР

//Жұмысымыздың 95 пайызы аяқталып тұр. Қазір барлығы қосылып тұр. Шілденің аяғында қосатын кезде кранды қосамыз. Қазір бастап жұмысыз крановый узелді бастап жатырмыз. Бұрыңғы ББШ-дан алынып тұр. Бұрыңғы АГТС соны кеңейтіп жасап жатырмыз. Ауылдың бәрін қамтып тұр, халық көп, кәсіпкерлік көбейген сайын көлемі артып жатыр. Қазір мұнда 5 адам жұмыс істеп жатыр.

 ӘБДІРАЗАҚ АБДУЛЛАЕВ – ҚОЖАКЕНТ АУЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

//Мыңда бір рақмет, ауылымызға көгілдір газ келіп жатыр. Елімізде ауыз суызымыз бар, аяқ суымыз бар. Алау газымыз келсе, қаламен теңдей боламыз ғой.

Сондай-ақ, Екпінді ауылдық округінде инженерлік инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары аяқталып, 2 қосалқы станция орнатылды, 12 шақырым жоғарғы кернеулі, 11 шақырым төменгі кернеулі желілер жүргізілді.

Халыққа қолайлы жағдай жасау – елді мекен дамуының басты көрсеткіші. Жаңақорғанда қолға алынған әрбір бастама – тұрғындардың әлеуетін арттырып, күнделікті өміріне нақты өзгеріс әкеліп жатыр.