#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #білім #шетелдеоқу
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл». Бүгінде қазақ жастары қай елдердің оқу орындарын жиі таңдайды? Шетелге оқуға түсу үшін не істеу керек? Талаптары қандай? Тілшіміз Мәншүк Талғатқызы осы сауалдарға жауап іздеп көрді.
Қазіргі таңда елімізде ғана емес, сонымен қатар дамыған шет мемлекеттерде тегін оқуға болады. Алайда тегін екен деп, алып ұшып бару аздық етеді. Талап жоғары. Оқу бағдарламасына ілесу маңызды.
АСХАТ ЕЛТАЕВ, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ // Ең бірінші керек нәрсе ол адамдарға ағылшын тілі, ағылшын тілінен халықаралық емтихан түрлері бар айлтс, тоефл тест деген сияқты. Әр университеттің гранттық бағдарламаның шарты бөлек. Универге тапсыратын обукейшн дит оның фомасы бар. Ол хат түрінде не үшін түскісі келетінін сол жүзінен жазу керек. Үлгерімнің орташа балы джпи керек болат міндетті түрде. Ол 3 тен жоғары болуы керек. // Ал бакалаврға барғысы келетін адамдардың шарттары бөлек.// Америкалық фуздарда комон ап деген бағдарламаны қарау керек болады міндетті түрде.Ол кезде джп 5 тік баллмен есептеледі.//
«Болашақ» халықаралық стипендиясы негізінде де оқуға болады. Ол үшін кешенді тестілеуден өткізеді, білім дәрежеңіз бен шет тілді білу деңгейіңізді анықтайды. Екіншіден, дипломдағы бағаңызға қарайды, жеке сұхбаттасады. Жоспарларыңыз бен мақсаттарыңыз жайында білгісі келеді. «Жауабыңыз қанағаттандырса, оқуға деген мүмкіндігіңіз артады,»- дейді «Болашақ» бағдарламасының түлегі Асхат Елтаев. Айтпақшы, бұл бағдарлама бойынша ауыл баласы үшін жеңілдіктер қарастырылған екен.
АСХАТ ЕЛТАЕВ, «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ \2,47 ауылдық жерден шыққан үміткерлер деген категория бар. 2-3 жылдан артық жұмыс істеген адамдар айэлс 6 алса Қазақстан өзі тілдік курс береді шетелдік университетке тапсыруға көмектеседі. Сол жағынан өте тиімді. Дәл сол сияқты медициналық, инженерлік, техникалық қызметкерлерге жеңілдік бар \
Бүгінде Қазақстан жастары көп таңдайтын елдер – көршілес Қытай мен Ресей, сосын Түркия, Франция, Малайзия, АҚШ, Германия, Ұлыбритания. Оқуға түсу үшін ең алдымен баратын елдің тілін білу маңызды. Ал, қызылордалық студент Құндызай Нартаева академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польша мемлекетінде оқып келген.
ҚҰНДЫЗАЙ НАРТАЕВА, СТУДЕНТ /41 сек /Ол жаққа барудың артықтышылықтары өте көп. Себебі, тілді дамытуға, сол мемлекеттің тілін меңгеруге мүмкіндіктер берілді. Сол жақтың салт-дәстүрімен, менталитетімен таныстық. Жалпы сіздерге егерде саяхатқа болсын, басқада қыдыру болсын немесе оқуға баратын болсаңыз. Сіздерге айтарым арнайы ережесін, заңын зерттеп баруды ұйғарыңыздар\
МӘНШҮК ТАЛҒАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Бір қызығы, шетелде білім алу үшін жас ерекшелікке шектеу қойылмайды. Оқимын деген азаматтарға мүмкіндік көп. Ең бастысы, жоғары білім алып оралған соң, елдің дамуына үлес қосу.