Сапалы білім - жарқын болашақ кепілі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Білім беру және зерттеу арқылы тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету» тақырыбында жиын өтті.

Тамыр таныспен емес, дарынды адамдар, білікті мамандар бағаланған қоғам ғана алға жылжиды. «Адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, іскерлігі - бәсекелестік замандағы оның құндылығы», - дейді жиынға қатысушылар. Осы орайда баяндамашылар «Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты институттандыру», «Әлеуметтік қызметкер моделі», «Жасыл экономиканың қазіргі жағдайы» сынды тақырыптарға терең бойлап, қызу пікір алмасты.

 САНДУҒАШ ИСМАҒҰЛОВА – ОБЛЫСТЫҚ «КӘСІБИ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ЖЕТЕКШІСІ Барлық мақсаттың ішінде жетпіс пайызы әрбір елдегі әлеуметтік жұмыстың дамуымен тікелей байланысты.Алдағы уақытта Қазақстандағы кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесе отырып, студенттерді әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша даярлауда мәселелерді ары қарай бірлесе отырып шешуге және өңірдегі әлеуметтік саланың дамуына,әлеуметтік жұмыстың мәртебесінің артуына ат салысуға, әлеуметтік қызметкерлер Ұлттық альянсы өз қолдауын білдіреді.

НҰРБАХЫТ НҰРМҰХАМЕТОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ СТРАТЕГИЯ ЖӘНЕ IT ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ өтіп жатқан шараның негізгі мақсаты бұл тұрақты даму мақсаттарын білім және ғылымдағы дамыту. Яғни,Қорқыт ата университетінің қандай үлес қосып жатқаны жайында, білім сапасын арттыру үшін қандай үлесін қосып жатыр, біздің университет, ол біріншіден білім бағдарламаларын дамыту, тиімділігін арттыру дегендей, әрбір бала келгенде сапалы білім алу керек. Ғылым жолында айтар болсақ, біздің университтет 23 тей ғылыми жоба зерттеліп жатыр. Олардың әрбіреуінің тұрақты даму мақсаттарына өз тигізетін үлесі бар.

Жиынға Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымы өкілдері онлайн қатысты. Бұл басқосудан күтілетін нәтиже – тұрақты даму принциптерін оқу бағдарламасы мен ғылыми жобаларға біріктіріп, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.