Аккумулятор ұрлады деген күдікпен 19 жастағы қызылордалық ұсталды. Бір ай бойы қала орталығындағы есігі ашық қалған автокөліктерді аңдыған ол жәбірленушілерге 1 миллион теңгеден астам залал келтірген. Полицейлер күдіктінің 10 ұрлық эпизодына қатыстылығын анықтаған.
Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреу үйінің ауласындағы көлігінен аккумулятор ұрланғандығын хабарлаған. Жедел іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 19 жастағы тұрғынды ұстады. Тексеру барысында күдіктінің басқа да осы тектес қылмыстарға қатыстылығы анықталды. Күдікті ұрлаған заттарды сатып, ақшасын бас пайдасына жаратқан. Ұрланған 5 аккумулятор, магнитофон және тағы да басқа көлік заттары сатып алушылардан, қалғаны күдіктінің үйінен тәркіленді.
АСЫЛБЕК СЕРІКБАЕВ - ҚПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Ол 1 ай бойы қала орталығында автокөліктердің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, сонымен қатар дабыл орнатылмаған көліктерден магнитофон, аккумулятор және тағы да басқа құнды заттарды ұрлап келген. Полицейлер оның 10 ұрлық эпизодына қатыстылығын дәлелдеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ұрлық қылмысына күдіктелген азамат уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды//