Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы жарияланды. Бұл баспаналы боламын деген жұмысшы мамандарға жаңа мүмкіндік ашпақ. Сонымен жаңа бағдарламаға қандай талаптар қойылады? Құжат тапсыру үшін қатысушылар нені ескеруі тиіс? Сюжетке зер салайық.

Бағдарламаға өндіріс, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация салаларында жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. «Отбасы банк» өтініштерді 17 наурыздан бастап қабылдайды. Өтінімдерді қабылдау банк бөлімшелерінде жүзеге асады. Ал қажетті құжаттар тізімі банктің сайтына жарияланбақ. Жобаға 72 млрд теңге бөлінген. Бұл шамамен 2500-ға жуық жұмысшы маманның жеңілдетілген несие арқылы баспана мәселесін шешуіне мүмкіндік бермек.

 ДАСТАН ТАСЫБАЕВ - «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл бағдарламаға қатысу үшін ең басты талаптары соңғы 5 жыл көлемінде өзінде, отбасы мүшелерінің атында үй болмауы керек. Отбасы банкте депозиті болуы керек. Жаңадан ашылған депозит те болуы мүмкін. Алғашқы жарнасы болу керек. Ол таза әрленген үйлерге 10 пайыз, екінші қайталама нарық және әрленбеген үйлерге 20 пайыз болып табылады. Бұл бағдарламаның максималды суммасы Астана Алматы қалаларында 36 млн, басқа облыс орталықтарында және ауылдық мекендерде 30 млнға дейін алуға болады.

Бағдарламаның ерекшелігі сол еліміз бойынша барлық аумақтар қамтылады. Жұмысшы мамандардың тұрғылықты мекен-жайы, жаңадан алатын баспанасына қатысты да қала немесе ауылдық елді мекен деген бөлініс жоқ. Әлеуметтік осал топтарға төмендетілген несие қарастырылған. Ал жарнаға қатысты жинақталатын қаражат көлемі де белгілі.

ДАСТАН ТАСЫБАЕВ - «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бағдарламаның тағы да бір ерекшелігі әлеуметтік осал топтарға 7 пайызбен беріледі жылдық пайызы несиесі, ал басқа жалпы категорияға 9 пайыз жылдық пайыз несиемен беріледі. Алғашқы жарна және қатысу үшін міндетті түрде осы отбасы банкте жинақ счетында 2 млн қаражаты болуы керек. Ол алдын-ала жинақталған қаражат және де бір мезетте салатын қаражат та болуы мүмкін.

 Мамандар «Тұрғын үйді иеленуде мамандықтардың түрі немесе жинақталған сома мөлшері әсер етпейді» дейді. Қажетті шарттар орындалған жағдайда басымдық құжатты бірінші тапсырған талапкерге берілмек.