«Құмкөл» мұнай-газ кен орнындағы «Арысқұм-Қызылқия» өндірістік жолын қарғын су шайып кетті. Қыр беткейден аққан толассыз су мұнайшылар қатынайтын ішкі жолдың 15-ші шақырымын бұзып-жарып өткен.

 Қазіргі таңда газ өндіретін кеніштерге қатынас қиындады. Айналаға жайылған қарғын судың қарқыны басылар емес. Тіпті, кен орнындағы жұмысшылардың қалашығына дейін жетіп, жолдың екі жағын су басып тұр. Айта кетейік, бірер күн бұрын қар мен жаңбыр суы Қармақшы ауданы, Жосалы кентіне де еніп, халық біршама әбігерге түскен болатын.