#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #nauryznama2025 #nauryz #еуропа

Еуропада Қызылорда облысының өнер күндері басталды. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Сыр елінің өнерпаздары Финляндия, Эстония және Испанияда қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін таныстыруда.

 Гастрольдік сапар 24 наурызда Финляндияның Хельсинки қаласынан басталды. «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» концертіне 10 мемлекеттің елшілері, қазақ диаспорасы өкілдері мен 500-ге жуық жергілікті тұрғын қатысты. Іс-шарада «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, айтыскер-ақын Мұхтар Ниязов, «Құрмет» орденінің иегерлері Шолпан Биімбетова мен Самал Байсейітова сынды өнерпаздар қазақтың дәстүрлі ән-жырын әуелетті.

 ГАУХАР ӘЛІМХАНОВА - ФИНЛЯНДИЯДАҒЫ «СӘУЛЕ» ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ ҰЙЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ //Аудиториямыз өте көп болды, концертіміз керемет болды. Сіздерге күлкен рақметімізді айтамыз. Суық Финляндияға - жылы қазақстаннан осындай керемет сәлемдемені Наурыздың күндеріне алып келгендеріңізге.

 Гастрольдік сапар аясында көрерменге концерттік бағдарламалармен қатар, қазақ халқының ұлттық тағамдары мен ұлттық нақышта жасалған сый-сияпат ұсынылды. Айта кетейік, Сыр өңірінің Еуропадағы Өнер күндері енді Эстония мен Испания мемлекеттерінде жалғасады.

 ДЕНИЗ ЧАКАР - ТҮРКИЯНЫҢ ФИНЛЯНДИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ// Қазақстандықтарды құттықтаймын, бұл - Наурыз мерекені тойлаудың керемет жолы. Көктем фестивалі жоғары деңгейде өтті, тамаша қойылым және әрине, актерлардың музыкалық талантына тәнті болдым.

 БРУНО ИРИАРТЕ - ПЕРУ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІСІ //Өте керемет әсер алдым. Группа да, музыканттар да өте жоғары деңгейде орындап шықты. Бұл қазақ музыкасын екінші мәрте тыңдағаным болды, расымен де күшті әсерде болдым. Жұрттың бәрі тамсанып тыңдаған сияқты.