#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #ескеалу #турнир
Облыс орталығында қазақ боксының негізін қалаушылардың бірі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бақтай Сәпиевті еске алуға арналған бокстан облыстық турнир өтті. Биыл екінші рет жалауы желбіреген додаға 3 облыстың жас спортшылары қатысып, өзара шеберлік байқасты.
Бүгінде қазақ бокс стилін бүкіл Әлем мойындады. Оған Геннади Головкин, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов секілді алпауыттар дәлел. Осындай қазақ жастарына былғары қолғап кигізіп, елде бокс бөлімшелерінің ашылуына атсалысқан Бақтай Сәпиев еді. Бақтай Сәпиев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО-ның жастар арасындағы чемпионы, Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы. Білікті маман талай чемпионды қанаттандырған. Әлемнің екі дүркін және Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев те Бақтай бапкерден тәлім алған.
БАҒДАТ БОРАНҚҰЛОВ – ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Тілші: Ел ардақтаған азаматты еске алу турниріне алыс-жақын облыстардан және өңірімізден 200 жас спортшы қатысты. Жиырма салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындар сарапқа салынды. Жарыстың басты мақсаты жастардың қанатын қатайтып, боксқа баулу.
Бокс үйірмесіне енді қадам басқан 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер рингте асқан шеберлік көрсетпесе де, әрқайсысының жеңіске деген ұмтылысы зор. Шаршы алаңда бар күш-жігері салып жұдырықтасып, соққыға-соққымен жауап қайтарған кездесулер талас-тартысқа толы өтті.
Бақтай Сәпиевті еске алуға арналған турнирді ұйымдастырушылар алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлауда.