#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #алимент#ата-ана
Робот – сот орындаушы. Аймақта алимент өндірудің жаңа тәсілі қолға алынды. Енді алименті бар азаматтарды жасанды интеллект анықтайды.
Жаңа жүйе бойынша борышкер қарызын өтемеген болса робот оңайлатылған іс жүргізу қағидасы бойынша шара көруге шешім қабылдайды. Яғни, алимент төлеушінің шотына шектеу қойып, ақша өндіру секілді қызметтерді автоматты түрде орындайды. Жалпы, өңірде 12 жарым мыңдай азамат алимент төлеуге міндеттелген. Алайда, олардың арасында баласын бағып-қағуға қолғабыс етпей жүргендер көп. Бүгінде оның екі мыңдайы борышынан жалтарып жүр. Олардың қарызы 400 млн теңгеден асады.