#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #ақын #мүшәйра

«Тұлға. Қайраткер. Қаламгер». Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар окторы, профессор Әбдіжәлел Бәкірдің 85 жасқа толуына орай облыстық ақындар мүшәйрасы өтті.

Әбдіжәлел Қошқарұлы еңбек жолын білім беру саласынан бастап, қызметтің түрлі сатысында шыңдалды. Сондай-ақ, қаламгер алаш қайраткері Мұстафа Шоқай мұраларын жинақтау мен таныту ісінде батыл қадам жасағандардың бірі. Бүгінге дейін ашық айтылмай келген тақырыпты зерделей жүріп, алаш қайраткерінің өмірін өскелең ұрпаққа өнеге етті. Кеш барысында сөз алғандар арда азаматтың осы және өзге де озық қырларын айтып, құрмет көрсетті. Мүшәйрада бақ сынаған 12 ақын әуелі арнау өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде Түркі әлемінің көсемі Мұстафа Шоқайдың өмір жолы туралы туындыларын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде қармақшылық Достық Тілеубергеновке бұйырды. Барлық қатысқан ақындар арнайы алғыс хат, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.