#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #жыршы#өнер
Руханият әлемінен ақпар. Сыр бойындағы жыршылық өнердің өрістеуіне сүбелі үлес қосқан Алпысбай Сауапұлының шығармашылығына арналған жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Көненің көзіндей ғылыми-танымдық мұраны жырау, фольклортанушы Берік Жүсіп жинақтаған.
Алпысбай Сауапұлы он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрген өнер қайраткері. Ол ел арасында «молда» атанып, жұртшылықты ізгілікке ұйыстырған. Жаңа жинақта руханият жанашырының азаматтық болмысы айқындалып, біршама шығармасы топтастырылған. Солардың ішінде шоқтығы биігі – Алпысбай молда мен Паналы қыздың сөз сайысы. Аталмыш айтыстың қолжазбасын фольклортанушы Берік Жүсіпов жеке мұрағатында ұзақ жылдар бойы сақтаған. Енді бұл құнды мұра ғылыми тұрғыда зерделеніп, арнайы жинаққа айналып отыр.
БЕРІК ЖҮСІП – ЖЫРАУ, ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ /Бүгін сыржың бойында жарық көріп, тұсауы кесіліп жатқан «Әлім Алпысбай молда» атты ғылыми-танымдық жинақтың басты ерекшелігі, қашқан қоян жатқан қоянды алып шығады дейді ғой, бұл шығарма дүниеге келу арқылы қоңырат Паналы қыздың да шығармашылығы қатар келіп отыр. Біріншіден, мұраларымызды аршып алып жатырмыз. Екіншіден, архивтік мұрағатты халықтың қолына табыстап жатырмыз/
ГҮЛАРША ХҰСАЙЫН – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ /Жаңа жинақ дүниеге келіп, халыққа қарай жол тартты. Осы жинақтың жарыққа шығуына үлесін қосқан ғалым Берік Жүсіпке алғысым шексіз. Ол кісінің қолында 38 жыл атамның қолжазбасы сақталған. Беріктің өзі осы айтысқа ғылыми талдау жасады.../