#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #егіс #ауылшаруашылығы
Өңірде көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ерте егілетін бидай, мақсары, жоңышқа секілді дақылдар аяқталуға жақын. Сәуірдің үшінші онкүндігінен бастап күріш егу науқаны басталады.
Облыс бойынша биыл 193,7 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі 85,9 мың гектарды құрайды. Өңірде соңғы жылдары әртараптандыруға басымдық берілуде, соған сәйкес егіс көлемі де ұлғайтылды. Мәселен, бүгінгі күні 198 гектар жерге мақсары дақылы егілсе, 178 гектар жаздық бидай, 443 гектар жаңа жоңышқаның тұқымы себілді. Шаруашылықтар минералды тыңайтқыштар және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Мамандар вегетациялық кезеңде су тапшылығы болмайды, - деп отыр.
АСЫЛЖАН ЖАРЫЛҚАСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ \Дизель отыны бекітілген кестеге сәйкес жеткізілуде..... \
ДИКТОР КАДР СЫРТЫНДА: Биыл өндіріске күріштің жаңа сорты енгізілген жоқ. Дегенмен, Сыр сұлуы мен Айсараның көлемін ұлғайтып, шаруашылықтарға таратылуда.