Біртұтас тәрбие бағдарламасы - сапалы білімнің тұғыры. Осындай атаумен қаладағы №282 мектеп-лицейде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Былтырдан бастап еліміздің білім беру жүйесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге аса бастады. Жоба оқушыларға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беруді көздейді. Бағдарлама бүгінде орта және арнаулы оқу орындарында кеңінен қолданылуда. Бұл жаңашылдық білім беру саласына тың серпіліс әкеліп, педагогтардың біліктілігін арттыруға септігін тигізді дейді мамандар.