#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #тексеріс#облысәкімі

Өңірдегі әрбір құрылыстың сапасы дұрыс әрі мерзімінде қолданысқа берілуі керек. Сонымен қатар жаңа нысандардың аумағын абаттандыру жұмыстары да назарда. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте тапсырмалардың орындалуы сөз болды.

 Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға құрылыстағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жою туралы тапсырма берген болатын. Жиында осы тапсырмалардың орындалу мәселесі қаралды. «Бүгінгі құрылыс алаңының орнында сапалы салынған, сәулеті мен сәні келіскен, жылдар бойы халық игілігіне жарайтын ғимарат болуы тиіс. Ол үшін, әрине сапалы материалдар пайдаланылып, кемшілік кетсе уақытында анықталуы керек. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау да әрдайым назарда болсын, – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Сондай-ақ, облыс әкімі жаңа нысандардың аумағын абаттандыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.