#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #сыбайлас#жемқорлық

Мемлекеттік мекемелерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі енгізілмекші. Бұл жүйе бойынша мемлекеттік сектор субъектісінде комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады.

Оның негізгі міндеті - ұйымның жəне оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету. Осыған орай мекеме басшылары мен жауапты тұлғаларға арналған семинар-тренинг өтті. Семинарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартты енгізу мәселелері сөз болып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 АҚЗАДА МАДАЛИЕВА - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ҚОФ ДИРЕКТОРЫ

 «Соның бірі комплаенс офицерлерін сайлау болып табылады. Қазіргі таңда осыны сіздер арнайы білім алмай-ақ бастап кеткен мекеме басшыларына алғысымды айтқым келеді. Себебі Кейбір мәселелерді ашық түрде айтып, көрсету керек болады. Сондай талдаулардың нәтижесінде үлкен қылмыстық істер айқындалуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу деген кезде тек қана параны алу мен беру емес қой. Одан басқа да қаншама құжаттар бар, сатып алулар бар. қай жерде сыбайлас жемқорлық тәукелдері бар. сол жерді алдын ала қарап, зерттеп зерделеп, сіздердің міндетіңіз болып табылады».