#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #жастартеатры#театр

Қалалық «Жастар театрының» ұжымы халықаралық театр күнін атап өтті. Айтулы күні өнер әлеміне енді ғана қадам басқан өнер ұжымы өзбек драматургі Еркін Күншуақовтың «Қызыл алма» комедиялық қойылымын премьералады.

 Өзбек драматургінің бұл туындысы шығыс халықтарында бойжеткеннің тұрмыс құрар кезде салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды толық сақтай отырып, күйеу жігіттің біліктілігі мен парасат-пайымын мынауға негізделген. Астарлы әзілге толы оқиғаны өнер ұжымы спектакльге жұп-жұмыр етіп сыйдырып, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.

МАҚСАТ СЕРІКОВ - ТЕАТР АКТЕРІ

//«Қызыл алма деген қойылымды негізі көпшілік біледі, бұл көп жерлерде қойылған. Басқа театрларда қойылған. Бүгінгі қойылымды қоюға бізде қысқа ғана уақыт болды, ол 2 аптаның көлемі. Шыны керек азанда да түнде де дайындық жасадық. Сол екі аптаның ішінде щыққан қойылым бұл». //

 Сыр өңіріндегі жас таланттардың басын қосқан театрдың құрылғанына небәрі екі жыл болды. Десек те өрелі өнерге құлшынысы зор қыз-жігіттер бірнеше республикалық байқауларда топ жарып үлгерді. Бүгінде театр труппасында 20-дан астам жас бар. Кәсіби мерекеде олар облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.

 МИРА ҚАЗБЕКОВА - ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // «Театр десе бірден көзімізге актерлер, өнерпаздар елестейді. Десе де осы өнерпаздарды жұп-жұмыр етіп көрерменнің алдына алып шығатын сахнаның сыртында қаншама жұмыс тобы бар. сол жұмыс тобы драматургтер, сценаристер, қоюшы режиссерлер, гримерлар, костюмерлер. Міне тетардың негізін қалаушылардың ең негізгілері осы кісілер. Сондықтан бүгінгі театр күнімен барлық ұжымдастарды, қойылымдардың әрбір мүшесін шын жүректен құттықтаймын». //

Бұған дейін театр ұжымы Төлен Әбдіктің «Оң қол» психологиялық драмасын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Жалпы бүгінде «Жастар театрының» қоржынында түрлі жанрдағы онға жуық қойылым бар. Енді театр ұжымы республиканың өзге өңірлеріне гастрольдік сапар жасауды көздеп отыр.