Қаладағы мәдени және демалыс паркін қайта жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр. Қазіргі күні құрылыс алаңында 160-қа жуық адам еңбек етуде.

Жалпы, демалыс орны 1953 жылы ашылған. Аумағы 6 гектардан асады. Паркті жаңғырту өткен жылдың соңында басталды. Мердігер мекеме өкілі инфрақұрылым желілерін тарту жұмыстары аяқталуға жақын екенін жеткізді. Енді аттракциондар орнатуға, жарық желілерін жүргізуге екпін беріледі. Бұған қоса, парк аумағы көгалдандырылып, 500-ден астам ағаш көшеті отырғызылмақ. Жаңғырту жұмыстары алдағы мамыр айында аяқталады деп күтілуде.