#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #тылардагері
Екінші дүниежүзілік соғыс бесіктегі сәбиден еңкейген қартқа дейін зардабын тигізбей қоймады. Ер азаматтар қару алып, ұрыс даласына аттанса, еңбекке жарамдылар тылда жұмыс істеді. Мылтықсыз майданның бел ортасында жүргендердің бірі - Жанәбіл Нұрқышов. Ес білгеннен бел жазбай еңбек еткен қызылордалық қария туралы келесі бейнематериалда.
Бүгінде облыста екі мыңға жуық тыл ардагері бар. Солардың бірі - Жанәбіл Нұрқышов. Тыл ардагерінің жастық шағы екінші дүниежүзілік соғыспен қатар келді. Жеті жастағы Жанәбіл бала болып ойнаған жоқ, еңбекке ерте араласты. Таңның атысы, күннің батысы тынымсыз тірлік етіп, үлкендерге қолғабыс жасады.
ЖАНӘБІЛ НҰРҚЫШОВ - ТЫЛ АРДАГЕРІ \ Біздер ол кезде баламызғой енді жеті жасымыздан бастап кірістім. Масақ теру, егін егу, жер тегістеу соларды тасу,шөп ору жаңағы колхозға көмектесу. Колхоздағы шаруашылықтардың егін орағын егу оны ору, оны тасу. Масақ теру ол масақты жаңағы үкіметке тапсырамыз. Бригадир дегендер боладыгой колхоздарда солардың айтқанын бұлжытпай орындап уақытында сүйтіп жүрдік.
Буыны бекімеген бозбала осылайша бел жазбай жұмыс істеді. Қарияларға қолғанат, ізіне ерген іні, қарындастарына қамқор болды. Қару ұстап, майданға аттанбаса да тылда еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға үлес қосты. Жанәбіл Нұрқышов бүгінде тоқсанның төріне шыққан ақсақал. Өмірдің ащы-тұщысын қатар көрген қария өткеннен сыр шертіп, ұл-қыздарына зұлмат кезеңнің қиын шақтарын үнемі айтып отырады.
ЖАНӘБІЛ НҰРҚЫШОВ - ТЫЛ АРДАГЕРІ //Ол замандарда өзі өте қиын болды. Ер адамдардың бәрі соғысқа кетті. Ауылдық жерде жұмыс істейтін адам қалмады. Жасы 17-18 ге толған жігіт балдардың бәрін армияға алып кетті. Содан кейін сол колхозда жұмыс жүру керекко ол жерде кілең әйелдер қалды. Біз сияқты жас балдар қалды. Сол жерде сондай жұмыстар істедік. Әкем..............аман есен шықтыққой әйтеуір оқыдық, білім алдық
«Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді». Бауыржан Момышұлының бұл сөзін тыл ардагері жиі айтады. Көпті көрген қария бүгінде ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, немере, шөберелерінің арасында бақуатты күн кешуде. Бар тілегі елдің тыныштығы, береке мен бірлігі.