#qyzylordatv

Футболдан ішкі істер органдарының құрметті ардагері, полиция подполковнигі Мейірбек Досымовты еске алу арналған облыстық турнир өтті. Ала доп бәсекесінде 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер бақ сынады.

Мейірбек Үсенұлы 1960 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1980 жылы тау-кен өндірісі саласында бастап, кейін ішкі істер органдарында бірқатар лауазымды қызметтер атқарды. Ала доп бәсекесі полиция подполковнигінің құрметіне алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

 МАҚСҰТ ЖАЙСАНБАЕВ – М.ДОСЫМОВТЫҢ ДОСЫ «Мейірбек өмірін өз деңгейінде өткізді. Өйткені оны қазір осындағы достары бар, бауырларын, ағайындары бар. олар тұрғанда Мейірбекті біз еске алып, оның жүріп өткен жолын әрі қарай дәріптей беру біздің мақсатымыз деп білемін».

 ҚАЙРАТ МАНАСБАЕВ - М.ДОСЫМОВТЫҢ ДОСЫ «Өзі өмірде де былай физикалық тұрғыда қарулы жігіт еді. Лидер еді арамызда. Ал мынау турнир тәлім-тәрбие балаларға. Жан-жақтан, әр районнан келіп жатыр балалар. Сәттілік тілейміз».

 Турнирге өңіріміздің әр ауданынан келген 10 команда тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті.

 Сайыс қорытындысында нөмірі 6-шы олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жеңіске жетті. Ал Шиелі ауданының командасы екінші орынды алса, қалалық «Наман ата» командасы үшінші орынды місе тұтты.