#qyzylordatv

Қызылордада заман талабына сай «Достық үйі» ғимаратының іргетасын қалау рәсімі болды. Салтанатты шараға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты. Жаңа нысан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының демеушілігімен салынбақ. Сондықтан, байырқалы істі бастау сәтіне аталмыш компанияның басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов арнайы келіп, жүйелі қолдау жалғасатынын жеткізді.

Жалпы, Сыр өңірінде тек бюджет қаржысына иек артпай, осылай демеушілік негізде қыруар шаруа атқарылып жатыр. Соңғы 3 жылда жиырмаға жуық әлеуметтік нысан атымтай азаматтардың қолдауымен салынған. Мәмілелі шаруалар легі әлі де жалғасуда. Мәселен, дәл қазір 50 млрд теңгеден астам қаржыға 10-нан астам ғимарат салынып жатыр.

 Сонымен, көптен күткен тарихи сәтке аймақтың зиялы қауым өкілдері, қос палата депутаттары мен этномәдени бірлестік өкілдері арнайы қатысты. Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында қазығы қағылған нысан жыл саңына дейін пайдалануға берілмек.

Интершум: /іргетас қалау рәсімі/

 «Достық үйі» ғимаратының құрылысына атом компаниясы 3 млрд, 800 млн теңге қаржы бөлген. Қазір мұнда қызу жұмыс басталып кетті. Нысан 4 қабаттан тұрады. Арнайы концерт залы мен көпшілік жиын өткізуге арналған орындар қарастырылған. Бір сөзбен, өңірдегі барлық этномәдени бірлестік өкілдіктері өнімді жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалмақ.

 Осылайша, елімізде Түркістан облысынан кейін Сыр өңірінде заман талабына сай «Достық үйі» ғимаратының құрылысы басталды. Тарихи сәтті тамашалауға келген түрлі этнос өкілдерінің көңілі шат. Енді олар жаңа жылды жаңа ғимаратта қарсалуға ниетті.