#qyzylordatv
Ес есімі - ел есінде. Тасбөгет кентінде интернационалист жауынгер Жұмабай Әбілқасымовты еске алуға арналған шағын футболдан ашық турнир өтті. Аладоп бәсекесіне мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысып, бақ сынасты.
Сыр өңірінен Ауған соғысына 800-ден аса азамат қатысып, оның 18-і қаза тапқан. Қанды қырғыннан Отанына оралмаған жауынгердің бірі -Жұмабай Әбілқасымов. Ол Тасбөгет кентінде туып, №11 мектеп-лицейін тәмамдаған. Батырдың рухын еске алуға арналған турнир биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.
МЕЙРАМ ОМАРОВ - Ж.ӘБІЛҚАСЫМОВТЫҢ АҒАСЫ
//// Шопыр курсын бітіріп, армияға кетті. Бір күні хабар келді.осындай інің Ауғанстанда қайтыс болды деп, сөйтсек Ауғанстанда соғыс болған, алдыңғы мәшинеге сопровождающий, артындағы әскерлерді сопровождение жасағанғой,бірінші келе жатқан алдында, минаға түскен кезде Жұмабай інім жағынан мина ұрған кезде, аударылған кезде артындағы автоматтың дулосы желкесіне тиіп қайтыс болған.
ЕРҒАНАТ АХМЕТОВ – АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
////Мақсатымыз келешек ұрпаққа осындай Тасбөгетте Жұмабай сияқты ауған соғысы батыры, осы мектептің түлегі екенін есте қалдыру, келешек ұрпақтың патриоттық тәрбиесі жөніндегі іс шаралар, бұл жұмыстар жалғасын таба береді.
ҒАЗИЗ УБАЕВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Сонау зұлмат жылдары ауғанстан әскерлерінің шығарылғанына осыншама отыз алты жыл болғандықтан,ол кісілерді дәріптеп, әрдайым ұмытпауымыз керек. Осындай шаралар кеңінен өткізілсе, қала көлемінде, облыс көлемінде.
Жарыс нәтижесімен №11 мектеп-лицей ұстаздары бірінші орынды иеленді. Ал №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екінші орынды еншілесе, үздік үштікті №257 орта мектеп командасы түйіндеді.