#qyzylordatv

Қызылордада көгалдағы хоккейден ел чемпионатының жалауы желбіреді. Жасөспірімдер арасындағы айтулы додаға 10 команда қатысып жатыр.

Көгалдағы хоккей ережелері хоккейдің басқа түрлерімен ұқсас, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Ережелерін түсініп, дұрыс ойнау маңызды. Ал, команданың табысты ойыны көбіне дұрыс стратегия мен тактиканы таңдауға байланысты. Бұл ретте Жетісу облысының құрама командасы турнирдегі ең тәжірибелі топ.

 ҒАЛЫМЖАН ӘЛИЕВ – ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ //Бұл жарыстың ерекшелігі 21 жасқа дейінгі жас ерекшелігі бар. Яғни тек 21 жасқа толған жасөспірімдер қатыса алады. Басты фавориттер Жетісу облысының командасы, Жамбыл облысы, сосын біз Қызылорда командасы//

АРНҰР ДАУТАЛИЕВ – «ЖЕТІСУ» КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ // Бірінші орында келе жатырмыз. Бүгін жеңіске жеттік. Біраз жарыстарға қатыстық. Талай рет Қазақстан чемпионы болдық. Бұйырса бірінші орын аламыз деп келдік//

 Қызықты командалық спорт түріне енді ғана бет бұрған командалар да бар.

ЕРАЛИ ҚАЙРАТҰЛЫ – Д.ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ // Біздің команда осы жылдың басында құрылды. Құрамда біріңғай жас балалар. 00:49+Жас команда болсақ та жақсы өнер көрсетеміз осы турнирде//

 МАҚСАТ КӘРІБАЙ – ТІЛШІ: Чемпионаттың алғашқы күні топтық кезеңнің ойындары өрбуде. Ал, көгалдағы хоккей бәсекесі 28 мамыр күні өз мәресіне жетеді. Біріншілік қорытындысымен ұлттық құрама іріктеліп, үздіктер халықаралық турнирлерге қатысуға жолдама алады.