#qyzylordatv

Аймақта кримогендік ахуал тұрақты. Десе де, жол-көлік оқиғасы жиілеген. Жыл басынан бері 230-дан аса жол апаты тіркеліп, салдарынан, 17 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов есепті кездесуде баяндады.

 ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ/ Темір тұлпар тізгіндегендердің тәртібі түзу болмай тұр. Жыл басталғалы жол апатынан 300-ден аса адам зардап шеккен. Мамандар ұсынған мәліметке сүйенсек, көп жағдайда жүргізушілер жол ережесін өрескел бұзған. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігі алаңдатып отыр.

 СЕРІК ЕРГЕШОВ – ОПД БАСТЫҒЫ /// Облыста қатысуымен болған ЖКО саны өсуде. Есепті мерзімде кәмілетке толмағандардың қатысуымен 60 ЖКО тіркеліп, 62 бала түрлі жарақат алған. Өкінішек орай, бір бала қазаға ұшырады. Құрметті ата-аналар, бала денсаулығы мен өмірі біздің басты байлығымыз!

 Аймақта қылмыстық ахуал тұрақты. Соның ішінде, ауыр және аса ауыр, адам өлтіру, тонау мен пәтер және мал ұрлығы төмендеген. Заңсыз айналымнан 87 келі есірткі алынған. Әйтсе де, интернет арқылы жасалған алаяқтық азаяр емес. Сондықтан киберқылмысқа қарсы арнайы басқарма құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр. Нәтиже де, жоқ емес.

 СЕРІК ЕРГЕШОВ – ОПД БАСТЫҒЫ // Интернет алаяқтыққа қатысы бар тұлғаларды анықтауға арналған бағдарламалар іске қосылды. Аталған бағдарлама көмегімен 49 қылмыс ашылып, 30 алаяқ құрықталса, 2 киберқылмыстық топпен, 3 дроповод ұсталды. Есепті мерзімде интернет алаяқтық өскені мен, қылмысты ашу көрсеткіші жақсарды.

Есепті жиында Серік Ергешов қылмыспен күрес ортақ міндет екенін еске салды. Сондықтан, аймақ тұрғындарын бұған бей-жай қарамауға шақырды. Кездесуде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде белсенділік танытқан бірқатар тұрғынды марапаттады. Содан кейін көпшіліктің талап-тілегін тыңдап, сауалдарға жауап берді.