#qyzylordatv

Қызылордада жасөспірімдер арасында дзюдодан ашық турнир өтті.

 Жарысқа қаладағы спорт клубтарында тәлім алатын 250-ге жуық жеткіншек қатысты. Олар 23 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Ұйымдастырушылар дзюдо күресінен Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған соң, осы спортқа балалардың ынтасы артқанын айтады. Ал, мұндай ашық турнирлер жастар арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, шын мықтылардың шығуына сеп болады дейді.

ЕРНҰР НҰРЖАН – ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ / / Қалалық спорт бөлімімен бірлесіп, ашық турнир өтуде. Турнирге 7-14 жас аралығындағы балалар қатысуда. 00:56-/ балалардың дзюдо күресіне, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан шара.