#qyzylordatv

Жазасын өтеп шыққан және пробациялық бақылауда тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеу күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Әсіресе, есепте тұрған кәмелет жасына толмаған балалар назардан тыс қалмауы тиіс.

 Облыстық «Жігер» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жиын заң және құқық тақырыбына арналды. Соның ішінде, жазасын өтеп шыққан немесе пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтендіру, яғни қоғамға қайта бейімдеу мәселесі кеңінен талқыланды. Бүгінде облыс бойынша 960 адам пробациялық есепте тұрса, оның тоғызы кәмелетке толмаған жеткіншектер.

 ГҮЛЗИНАТ ЖЫЛҚАМАНОВА - ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ

«Жігер» қоғамдық қоры Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған сотталғнадармен бірнеше жылдан бері жұмыс атқаруда. Қазір Қызылорда қалалық пробация есебінде тұратын кәмелетті сотталғандар бар. Соларға дөңгелек үстелде барынша назар аударуды ұсындық. Ұсыныстарымызды білдірдік, алдағы алты ай көлемінде қалай жұмыс жасау керек бірігіп, сотталғандарға мейлінше ықпал етуге психологтармен,тренерлермен жұмыс жасауға тырысып жатырмыз.

 МҰРАТ ЖҰМАДІЛАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ «ЖІГЕР» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

 Бас бостандығынан босатылатын және босатылғандар, пробациялық есепте тұрған азаматтарды әлеуметтендіру және бейімдеу әлеуметтік жобасының аясында ұйымдастырылып отыр, дөңгелек үстел 24-інші жылды қорытындылау бірінші, қандай жұмыстар атқарылды, қандай нәтижеге жеттік, сонымен қоса 25-інші жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, бірге талқылап, полиция қызметкерлері мен қылмыстық атқару жүйесінің есебінде тұрған азаматтарды біріктіру, олардың әлеуметтендіруге бағытталған жұмыстарды атқару негізгі мақсатымыз.