#qyzylordatv

1-ші шілдеден бастап, мектеп асханалары ескертусіз тексеріледі. Ескертумен келген тексерістің өзінде биыл бірқатар кемшіліктер анықталып, 6 іс сотқа жолданған. Бұл жайында Үкімет отырысында белгілі болды. Ал келер оқу жылынан бастап, асханаларға жаңа ас мәзірі енгізілмек. Жиында оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мәселесі де талқыланды. Алдағы каникулда мектеп оқушылары музейлерге, театрларға және өзге де мәдени нысандарға тегін кіре алады. Мәдениет және ақпарат министрлігі осындай жобаны қолға алды.