#qyzylordatv

 Биыл сөз шайыры Ерімбет Көлдейбекұлының туғанына 175 жыл. Осыған орай, Жыраулар үйінде аймақтың дәстүрлі өнерін дәріптеп жүрген жыр жүйріктері «Ұлағат сөзім ұрпаққа» атты жыр кешін өткізді.

 Кезінде діншіл ақын деп айдар тағылған шайырдың шығармашылығы мен өмір жолы әлі күнге дейін жіті зерттелмей, құнды мұралары кең көлемде насихатталмай келеді. Бүгінде оның толғау-термелеріндегі тәлімдік-тәрбиелік тағылымды ұрпақ санасына жеткізудің маңызы зор. Сондықтан мазмұнды кеште ақынның отансүйгіштікке, адамгершілік пен имандылыққа баулитын шығармалары орындалып, оның даралығы мен толғауларындағы терең толғанысы туралы сөз болды.

МАРАТ СҮГІРБАЙ – МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, ЖЫРШЫ //Ерімбет Көлдейбекұлының бізге дейін жазған терме-толғаулары, үлкен философиялық иірімге толы дастандарының өзі құрылымы жағынан және әдеби көркемдігі жағынан бояуы қанық, мазмұндық тұрғысынан өзекті, ізгілігі басым шығармалар деп айтуға болады.//

АҚМАРАЛ НОҒАЙБАЕВА – МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ //Біз осы Жыраулар үйінде Сыр сүлейлерінің, шайырлардың жыр-дастандарын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жыр кештерін ұйымдастырып келеміз. Әлі де біз көптеген өнер кештерін өткіземіз.//