#qyzylordatv
«Балалар қауіпсіздігі – басты назарда». Төтеншеліктер осындай тақырыпта бүлдіршіндер арасында сурет салудан байқау ұйымдастырды.
Апат айтып келмейді. Бірақ оқыс жағдайларда ересек түгілі баланың да абдырап қалмауы маңызды. Бұл байқаудың мақсаты - өзара жарыстыра отырып, балаларға өрт қауіпсіздігі мәдениетін үйрету. Байқауға қатысушылар сурет салуға өте тиянақты қарады. Жеңімпаздарға сый-сияпат жасалды.
АЙДЫН ЖҮСІПНАЗАР – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
// Сайыстың басты мақсаты балаларға өрттің қауіптілігін төтенше жағдайлардың салдарымен сипатын сурет арқылы түсіндіру балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру болып табылады.