#qyzylordatv

Жыл басталғалы аймақтағы өндіріс орындарында бірде-бір оқыс оқиға орын алмаған. Төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының бастығы Әділжан Дабылов журналистерге арналған баспасөз брифингінде осылай деп мәлімдеді.

 Оның айтуынша, мұнай және газ өнеркәсібі қауіптілігі жағынан жоғары. Дегенмен, бұл бағыттағы мемлекеттік бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, төтеншеліктер былтыр 312 рет мемлекеттік тексеру жүргізсе, биыл бұл көрсеткіш 97-ні құрап отыр. Қауіпті өндіріс ошақтарының жәй-күйін бақылап, талаптардың сақталуын бақылау әлі де жалғасады.

    Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік - қауіпті өндірістік объектілерде апаттардың, технологиялық ақаулардың алдын алуға бағытталған маңызды сала, дейді Әділжан Дабылов.

ӘДІЛЖАН ДАБЫЛОВ – ТЖД ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ «Бізде облысымызда мұнай-газ өндіру салаасы, атом өнеркәсібі, көтергіш механизмдер осы өнеркәсіптік саласымен бақыланады. Келеңсіз жағдайларға тоқталатын болсақ, мұнай-газ саласында төтенше жағдайлар, биыл, ағымдағы жылы орын алған жоқ. Тексерулер өзі профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру болып екіге бөлінеді. Профилактикалық бақылаулар жыл сайын өткізіледі. Оның өзінің критерийлері болады. Соған сәйкес жоспарға енгізіледі».