#qyzylordatv

Бүгін шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Жиынға ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров арнайы қатысып, Қызылорда және Ақтөбе облысындағы ахуалды бағдарлады.

 Қазір шегірткелер шебімен күресте екі облыс мамандары бірлесе жұмыс істеп жатыр. Сондықтан штаб отырысына қос өңір басшысымен қатар, барлық аудан әкімдері онлайн режимде қатысты. Министрлік өкілінің айтуынша, зиянкестерді түбегейлі тойтаруға ұйытқыған жел кері әсерін тигізіп отыр. Яғни, химиялық өңдеу жұмыстарына арнайы 4 ұшақ тартылғанымен әуе кемелері тек тынық кезде ұшырылуда. Сол үшін министр қосымша жер агрегаттарының санын көбейтуді тапсырды. Жалпы, жоспар бойынша залалсыздандыру жұмыстары 10 күн ішінде толыққанды аяқталуы тиіс. Әйтпесе, шегірткелердің қанаты қатайып, бой бермей кету қауіпі бар екенін ашық айтты, министр. Сондай-ақ, бұл істі дер кезінде дұрыс үйлестірмеген мердігер мекемелерге де сұрау болатынын жеткізді. Айта кетейік, еліміз бойынша 2 млн 100 мың гектар аумаққа шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу көзделген.

 АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ /Бүгінде 700 мың гектарға жуық жасалды. Әрі қарай да үлкен жұмыс тұр. Оңтүстік аймақтар аяқтағанымен солтүстік жағы енді басталады. 2 млн 100 га әрине өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Бірақ әлі де зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан аудан әкімдерінен сұрайтыным, бүкіл ауыл әкімдеріне тапсырма беріп, байқап ұстап отырмасақ болмайды. Мердігерлер күшейту керек жұмыстарын. Оларға сұрау қатаң болады. Бірінші күннен ұшақтар тартылғанда мұндай жағдай болмас та еді/

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ /Айтқан ұсыныстарыңызды қолдаймыз, техникадан барлық жағынан біз көмектесеміз. Қазір аудан әкімдері, инспекция басшылары басында. Қатаң бақылауда ұстаймыз. Біздің тарапымыздан көмектер болады. Сол жердегі халық барлығын түсініп жатыр. Бірақ кейбір азаматтар соны бір жақты жариялап жатқандар бар. Олай болмайды! Сол жерлерде жасалып жатқан жұмыстарды да айтсын/