#qyzylordatv

«Бақытты шақ – балдаурен». 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мәдина Ерәлиева атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

«Бала – біздің болашағымыз». Еліміздің ертеңі де, келешегі де солар. Сондықтан оларды алақанда салып аялау адамзаттың ортақ парызы. Бұл кештің басты қонақтары – балалар. Тал бесікте тербеліп өскен балғындарымызға тарту ретінде әуезді ән айтылып, би биленді.

ЖАНАР ЖАКЕНОВА – КІТАПХАНАШЫ 00.30 Шарамыздың басты мақсаты - бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, оқырман балалардың ой-өрісін дамытып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балаларымызды имандылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу, Титов мөлтек ауданындағы «Ер тарғын» балабақшасының, Әлия Молдағұлова атындағы №173 мектептің оқушыларымен бірлесіп өткізіп жатқан шарамыз. 02.21 Балалар мерекесі құтты болсын, біз баламен бақыттымыз, балалар біздің болашағымыз.

Тілші: Мерекелік шарада кітапхана жүйесінің қызметкерлері, қоғам белсенділері мен тіл жанашырлары балалар әдебиетінің бүгінгі беталысы жайында орамды ойларын ортаға салды. Ал, өнерлі өрендер өлең оқып, Қадыр Мырза Әлінің «Аңдар неге араздасады?» қойылымын сахналады.

   САМАЛ МҰСТАФАЕВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ // Концерт өте жоғары деңгейде өтті, балаларымды алып келіп өзімнің, сондай бір шығармашылық кеш болып жатыр,көп-көп рахмет айтамыз балаларға осындай кеш ұйымдастырып жатқан ұжымдарға рахмет

 Шырайлы шара соңында белсенділік танытқан бүлдіршіндер алғыс хатқа ие болды.