#qyzylordatv
Бокстан Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен Азия чемпионатының жүлдегерлері туған жерге оралды. Жас спортшыларды жанкүйерлер мен жақындары теміржол вокзалынан сән-салтанатпен күтіп алды.
Байрақты бәсекеге 26 елден 300-ден аса спортшы қатысқан. 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Зарина Толыбай финалдық кездесуде Қырғызстан спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Жалпы Ұлттық құрама мүшелері жастар арасындағы Азия чемпионатында 41 алтынды қанжығаға байлап, рекорд орнатты. Оның 22-сі жасөспірім, ал қалған 19 медальді 22 жасқа дейінгі санаттағы спортшылар еншіледі.
ЗАРИНА ТОЛЫБАЙ - БОКСТАН U22 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Азия чемпионатына қатыстым бір рет, одан екінші орын алып келдім, оның алдында Әлем кубогы болды, оданда екінші орын алдым, Қазақстан чемпионатының үш дүркін чемпионымын.00.46 Сезім енді бөлек, оны айтып жеткізу қиын. Алла қаласы тағыда Азия чемпионаты бар, Әлем чемпионаты бар, содан чемпион болып, үмітті ақтау керек, тағыда жалғастырамыз деп ойлаймын осы алтынды.
Ал 48 келі салмақ дәрежесінде бокстасқан Ақбота Болат күміс жүлде иегері атанды. Былғары қолғап шеберінің де алдағы мақсаты айқын. Ол енді алтын медаль алып, ел абыройын асқақтатсам дейді.
АҚБОТА БОЛАТ - БОКСТАН U22 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Бұл менің екінші Азиям, былтырғы Азияда орын ала алмай қалған едім, осы жарыста бұйырып тұр екен екінші орын. Жарыс 18 бен 22 жас аралығында болды, бірінші қарсыласым Вьетнам болды, оны 3-2 есебімен ұттым, екіншісі Индия оған есе жіберіп қойдым енді