#qyzylordatv
Арал ауданының Қарақұм даласын шегіртке басты. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан шегірткелер шеруінің біраз аумақты басып алғаны анық байқалып тұр. Зиянкестер бірнеше ауылдың үстімен өтіп, жайылымдық жерлерді отап кеткен. Қазір облыс аумағында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол үшін жедел штаб құрылып, үйлестіру жұмыстары пысықталуда.
Жалпы 28 818 гектар аумақты өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 10 мың гектардан аса аумағы өңделді. Бұл жұмыстар 13 мамырда басталған болатын. Қазір шегірткеге қарсы күрес шаралары Арал ауданына қарасты Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтерінің аумағында жүргізіліп болды. Оған 2 жеңіл ұшақ, 2 аса жеңіл авиақұрылғы, 12 жерүсті техникасы, 5 дрон, 45 арқаға асылатын бүріккіш қолданылды. Мониторингке 48 маман жұмылдырылған. Қазір зиянкестердің шоғыры Ақтөбе облысы аумағына өткен. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жағдайды бақылау үшін бүгін арнайы Арал ауданына келеді деп күтілуде