#qyzylordatv

Облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жақсыгүл Туғанова мен балалар қозғалысы көшбасшыларының қатысуымен жиын өтті.

 Біліммен қатар баланың тәрбиесіне айрықша назар аудару - бүгінгі күні ең өзекті тақырыптың бірі. Сондықтан басқосуда бұл мәселе терең талқыланды.

ЖАҚСЫГҮЛ ТУҒАНОВА – ОБЛЫСТЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ \\ ҚР 45-тен астам балалар құқығын қорғауға негізделген заңдар мен заңнамалар, құқықтық актілер бар. Қазір біздің облысымызда балалардың құқығын қорғауға, дамытуға бірнеше жұмыстар атқарылуда. Республика бойынша 111 линиясы бар. Ол 24/7 жұмыс жасайды, соған түскен арыз, шағымдар, зорлық-зомбылыққа байланысты ата-аналардың хабарласуы, тіпті балаларда хабарласуымен тіркелген жұмыстар бар. Олармен жұмыс жасалуда.

Бүгінде облыста 184 мыңнан астам оқушы бар. Солардың арасынан іріктелген 18 оқушы, үздік оқып қана қоймай, қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін марапатқа ие болды.

 Жас көшбасшылар кездесуде өз жобаларын таныстырып, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

 ИКРАМ ЖАЛДИШ – ОҚУШЫ

 Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өзекті мәселелерді қозғадық. Оның ішінде зорлық-зомбылық, буллинг, балалардың пікірін тыңдамау секілді нәрселерді қозғадық. Омбудсмен ретінде өзімнің жобаларымды айттым. Буллиннгке ұшыраған балалармен ғана емес, агрессор балалармен жұмыс жасау туралы маңызды аспектілерді келтіре отыра айттым.

ГҮЛБАҚЫТ ІЗДІБАЙ – ОҚУШЫ

 Балалар арасындағы кибер қауіпсіздік, буллингтің алдын алу бойынша аудан балаларын жинай отырып, 2 кездесу ұйымдастырдық. Сонымен қатар, дебат ұйымдастырамыз түрлі тақырыпта, мәселен балалар арасындағы оқыс оқиғалар деген секілді. Облыс және аудан көлемінде дебаттар ұйымдастырылады.

Ал, бұл жиын 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне арналған апталық аясында ұйымдастырылды.