#qyzylordatv
Тасбөгет кенті әкімінің жүлдесіне арналған шағын футболдан турнир ұйымдастырылды. Осымен алтыншы жыл қатарынан өткізілген дәстүрлі доп додасына биыл 16 команда қатысты.
Спорттық сайыс ең алғаш Тасбөгет кентіндегі NЕЕТ санатындағы жастар арасында өткізілген болатын. Мақсат – жұмыссыз жүрген жігіттерді қоғамға тартып, бос уақытын тиімді өткізу және
бұқаралық спортты дамыту. Жыл өткен сайын қатысушы командалар көбейіп, турнирдің деңгейі көтеріле бастады. «Динамо» спорт кешенінде өткен жарысқа биыл 16 командадан 150-ден астам спортшы қатысты. Олар екі топқа бөлініп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Топтан үздік шыққан командалар жүлде үшін таласты. Нәтижесінде «Отбасы банк» командасы барлық қарсыласын жеңіп, төртінші жыл қатарынан ауыспалы кубокті иеленді. Ал, Ақсуат командасы екінші орынға ие болса, Шөмішкөлдік жігіттер үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болды.
ЖАСҰЛАН ЖАКУПОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ \16 команданың ішінде биыл өзгеріс бар ТЖД өздерінің командасын шығарып жатыр. Автоубс паркі екінші жыл қатарынан қатысып жатыр. Бәсеке өте мықты. Әсіресе, тасбөгеттік жастардың кубокті алуға ұмтылысы жоғары. Енді жеті команда Тасбөгеттен, қалған командалар сырттан келіп отыр \