#qyzylordatv

Шекарашылар ең үздік мергенді анықтайды. Жауынгерлердің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында өңірімізде республикалық турнир басталды.

 Тартысты додаға еліміздің барлық аймағынан арнайы іріктеуден өткен 15 үздік жауынгер қатысып жатыр. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін әскерилер 5 кезең бойынша сынға түсуде. Алдымен 10 шақырым қашықтықты бағындырса,екінші кезеңде қатысушылар арнайы көрсетілген 5 жаттығуды орындайды. Ал, шешуші сайыста шекарашылар «Драгунов» снайперлік винтовкасымен алыстағы нысанаға дөп тигізуі шарт. Барлық кезеңнен мүдірмей өткен жауынгер «Үздік шекарашы-мерген» атағына ие болады.

Айта кетейік, республикалық турнир мамыр айының 29-на дейін жалғасады.

 СЕРІК ӘБУСҰЛТАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Аталмыш жарыс облыстық шекара қызметі департаментінің тікелей ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жауынгерлер өздерінің арасында іріктеуден өткендер. Бас төреші Шекара қызметінің орталық аппаратынан келіп отыр. Дәл осы уақытта 10 шақырымға жүгіру сынағын қабылдап жатыр.//