#qyzylordatv
Қызылордада «Бала теннис» атты турнир өтті. Қызығы сол, шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін спорттық ойынға Орталық алаңға жиналған балақайлар қатысып, таза ауада белсенді уақыт өткізді. Ал турнирге дүбірлі додаларда топ жарып үлгерген жас спортшылар төрелік етті.
Бұл балалар кәсіби теннисші емес, спорт үйірмесіне де еш қатысы жоқ. Десе де балалар мерекесін көңілді өткізудің тамаша тәсілі болды десек, артық айтқандық емес. Ашық аспан астында үлкен теннисті ойната отырып, мамандар спортқа бейім балаларды үйірмеге тартуды жөн көріпті.
ЖӘНІБЕК ОҢТАЛАП – «НҰРСӘТ» ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // «Бала теннис» спорт түрін бұқара халыққа көрсетейік, теннисті дамытайық, балаларды спортқа тартайық деген мақсатта ұйымдастырылып жатқан іс-шара. Бірінші маусым – балаларды қорғау күні аясында ұйымдастырдық. 10 жасқа дейінгі балалар кез-келгені қатыса алады//
Бұқаралық спорт – болашақ жеңістердің бастауы. Алғаш рет ұйымдастырылған іс-шарада 30-ға жуық бала ракетка ұстап, ата-аналардың алдында белсене өнер көрсетті. Жарысқа қатысушылардың алды онда, ал ең кішкентайы 5 жаста. Ойындар кәсіби теннистің ережесімен өтіп, «НұрСәт» теннис орталығының жас спортшылары төрелік етті.
ДАРЬЯ ШАҺАРМАН – ЖАС СПОРТШЫ //Тенниске қатысып жатқаныма 6 жыл болды. Балалардың ойынына судья болуға келдім. Осы балалардың арасында тенниске қызағатындар болса оларды үйретуге дайынбыз. Өзім үлкен теннисті алып кетіп, Қазақстан, Әлем чемпионы болғым келеді. Сосын, балаларды үйреткім келеді. Тілші: Бапкер болғын келе ма? – Иә//
Жалпы, аймақта үлкен тенниспен 400-ге тарта жас шұғылданады. Олардың арасында республикалық, халықаралық турнирлерде топ жарып жүргендер бар. Бір сөзбен айтқанда, ракетка спортына қызылордалықтардық қызығушылығы жоғары. «Бала тенниске» қатысқан балақайлардың ата-аналары да осы жарыстан соң ұл-қыздарын теннис үйірмесіне беретін болды.
Жарыс қорытындысымен алаңда өнер көрсеткен балаларға сыйлықтар үлестіріліп, медальдар табысталды.