#qyzylordatv

 Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдарындағы қасірет ел жадынан ешқашан өшпейді. Облыс орталығында зобалаң заманның зардабын тартқан боздақтар рухына тағзым жасалды.

Бұл тарихтағы ең ауыр кезеңнің бірі. Қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алған қауым ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сол бір қилы кезеңде Қазақстанға миллиондаған адам жер аударылды, жүз мыңдай адам қуғын-сүргінге ұшырады. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында ұлт зиялылары да бар. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданып, 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Бүгінде мемлекет басшысының тапсырмасымен тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарына арналған комиссия жазықсыз жазаланғандардың есімін жарыққа шығарды.