#qyzylordatv
Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында «Қайсар» өз алаңында «Жетісу» командасын қабылдап, есеп тең түсті.
Бірінші таймда ойыншылар бір-біріне қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, таразы басы тең болды. Ал, ойынның екінші бөлігінде 4 гол соғылды. Бірінші болып түз тағылары сапынан Дидар Жалмұқан қонақтардың қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды. Алайда, 67-минутта «Жетісудың» қорғаушысы Дмитрий Шмидт есепті теңестірді. Одан соң ойын алаңның екінші жартысында жалғасты. «Жетісу» ойыншылары «Қайсардың» қақпасын жиі шабуылдап, ақыры ойынның 88-минутында Максим Ковель гол соқса, артынша, бас төреші ойынның негізгі уақытына қосымша 7 минут қосып берді. Нәтижесінде, өз жанкүйерлерінің алдында дала қасқырлары 97-минутта таразы басын теңестірді. Голдың авторы Темірлан Мырзағалиев. Осылайша, өз жеріндегі тең ойыннан соң «Қайсар» турнирлік кестенің оныншы орнында тұрақтап, алдында келе жатқан «Тұранмен» ұпай теңестірді.