#qyzylordatv
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жаңақорғанда “Әлем балалармен бақытты” атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекеде балаларға арналған спорттық жарыстар, көңілді ойындар мен түрлі сайыстар ұйымдастырылып, қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, ерекше атмосфера сыйлады. Аудан өнерпаздары көпшілік назарына концерттік бағдарламасын ұсынды. Ал, балаларды төл мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов жазғы демалыс маусымына арналған жаңалықтарымен бөлісті. Мәселен, «Тау самалы» және «Талдысу» лагерінде биыл 600-ге жуық бала тегін демалады. Одан бөлек жеті жарым мың бала күндізгі лагерлерде жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізетін болады.
АЙСАРА НӘЛІБАЕВА - БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ «ауданымызда керемет күн болып жатыр. ол - балар күні. Барлық құрмет балаларға. Біздің балаларымыз, ата-аналарымыз мына көріністі көріп, өте риза болып жатыр.