#qyzylordatv

Облыс орталығында «Халық заңгері» акциясы өтті. Оған өңірдегі үздік заңгерлер мен адвокаттар, мемлекеттік орган өкілдері қатысып, халықтың барлық сұрақтары мен шешілмеген даулары бойынша тегін кеңес берді.

Әлеуметтік акция 2016 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін 175 мыңға жуық тұрғынға кеңес берілген. Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауатын арттыру. Шараға Құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылардан құралған 50-ден астам кеңесші маман қатысты. Акция аясында 150-ге жуық қызылордалық тұрғын тегін кеңес алды. Сарапшылар неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, несие, жол құрылыстары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

 АЙДОС ЖҮНІСОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ // сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 7-8 адам келді. Жұмысқа тұру мәселесінен бастап, құжат рәсімдеу мәселесі бар, / әртүрлі сыбайлас жемқорлық деректері мәлім болған кезде қалай хабарласу керек екендігі жөнінде сұрап жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысы қызықтарады халықты.

 НЕЙЛЯ ИСАЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ /// тендермен, мемлекеттік сатып алумен айналысамын. Сол жайында толығырақ мағұлмат алуға келдім. / мамандар бәрін жақсы түсіндіре алды. Ойымдағыдай шықты. Осындай іс-шаралар жиі-жиі болып тұрсын.